Бокс

АҚШ-та қазақстандық боксшы қатысқан жекпе-жек өткізілмеді деп есептелді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов пен америкалық Морис Чалмерстің жекпе-жегі өткізілмеді деп танылды.

Кездесу жартылай орта салмақ лимитінде өтуі тиіс болған. Боксшылар салмақ өлшеу рәсімін де сәтті өткізген еді. Жекпе-жек алты раундтан тұрады деп есептелді.Алайда BoxRec сайтында жекпе-жектің нәтижесі NC (No contest) деп көрсетілген, бұл кездесудің өткізілмеді деп танылғанын білдіреді. Бастарының соғылып қалуынан Эюбовтың қарсыласының қабағы жарылған. Дәрігер жекпе-жекті тоқтату керегін айтқан. Сөйтіп, рефери жекпе-жекті тоқтатып, өткізілмеді деп есептелетінін хабарлаған.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер