Жеңіл атлетика

Қазақстан кубогы: Иван Иванов екінші орын алған атлеттен 7 метрге озып кетті

news-banner7
mobile-news-top

Ядро серпуден Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Иван Иванов Өскеменде өткен Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Алматы облысының тумасы ұзақ уақыттан бері ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшысы. Ол елішілік және халықаралық жарыстарда өзінің деңгейін байқатып жүр.

Иванов былтырғы маусымда Азия рейтингінде екінші орынға жайғасқан болатын. Оның ең үздік көрсеткіші – 20 метр.

Әзірге қазақстандық жеңіл атлеттер арасында Иванов деңгейіне жететін ядро серпуші жоқ. Сондықтан Қазақстан кубогы Иван үшін дайындық деңгейін тексеріп көру. 25 жастағы атлет соңғы үш айда Португалияда жаттыққан еді.

Иван Қазақстан кубогының алғашқы кезеңін жақсы бастады. Өскеменде спортшының ең үздік көрсеткіші 19,81 метр болды. Сөйтіп, екінші орын алған қостанайлық Дмитрий Зозулядан 7 метрге озып кетті.

Қазақстан кубогы, бірінші кезең. 11 қаңтар. Өскемен.

Ядро серпу, ерлер:

1. Иван Иванов (Алматы обл.) – 19.81;

2. Дмитрий Зозуля (Қостанай обл) – 12.53;

3. Евгений Прядкин (Қарағанды обл) – 11.29;

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер