Шомко клуб тарихындағы бір маусымда ең көп голдық пас берген ойыншылардың үздік бестігіне енді

news-banner7
mobile-news-top

2017 жылы Дмитрий Шомко 13 нәтижелі пас берген. Оның 10-ын Премьер-Лига аясындағы кездесулерде берсе, қалған 3 пасты Еурокубок кездесулері аясында берген.

«Астана» командасының вице-капитаны осы нәтижесі арқылы клуб тарихындағы бір маусымда ең көп голдық пас берген ойыншылардың үздік бестігіне енді.

Бұл көрсеткіштер бойынша екі көшбасшы бар. Олардың бірі 2009 жылы «Локомотив» сапында 19 нәтижелі пас берген Андрей Тихонов. Ал екіншісі «Астана» тұңғыш чемпиондығына қол жеткізген 2014 жылы дәл осындай нәтиже көрсеткен Фокси Кетевоама.

Клуб тарихындағы бір маусымда ең көп нәтижесі пас берген ойыншылардың үздік бестігі:

1-2. Андрей Тихонов 19 (2009)

1-2. Фокси Кетевоама 19 (2014)

3. Фокси Кетевоама 16 (2015)

4. Патрик Твумаси 14 (2016)

5. Дмитрий Шомко 13 (2017)

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер