Теннис

Станислас Вавринка кортқа қайта оралды

news-banner7
mobile-news-top

2014 жылғы Ашық Аустралия біріншілігінің жеңімпазы швейцариялық Стэн Вавринка кортқа оралмақ, деп хабарлайды Prosports.kz Australian Open жарысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Тізе жарақатына байланысты жарты жыл демалыста болған теннисші осы маусымдағы бірінші «Үлкен дулыға» турнирі жайлы пікірімен бөлісті.

«Мен Мельбурнға келдім, көңіл-күйім жақсы. 6 ай артта қалды. Бұрынға қалпыңа қайта келу өте қиын. Алайда, өзімді жақсы сезінудемін. Ақырындап бабыма келе жатырмын», - деді теннисші.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер