«Атырауға» Нигерия құрамасының шабуылшысы келеді

news-banner7
mobile-news-top

Болгариялық «Левски» командасының бұрынғы шабуылшысы Бабатунде Адениджи өз мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды отандық басылымдар.

22 жастағы Нигерия құрамасының футболшысы қазақстандық «Атырау» клубында ойнауға ниетті. Ол жақын арада Түркияға барып, команданың оқу-жаттығу жиынына қатысып көреді.

«Левски» сапында 2016 жылдан бастап өнер көрсетті. Сол аралықта 57 ойынға қатысып, 9 гол соққан. Ал Нигерия құрамасында 4 кездесуде алаңға шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер