Футбол

Сауд Арабиясында алғаш рет әйел жанкүйерлер алаңға келді. Видео

Сауд Арабиясында алғаш рет әйел жанкүйерлер алаңға келді. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Сауд Арабиясында алғаш рет әйелдерге стадионға келіп футбол көруге рұқсат етілді.

Кеше, жұма күні, Арабия астанасы Эр-Рияд қаласында ел чемпионаты аясында өткен «Аль-Ахли Джидда» – «Аль-Батин» командалары арасындағы кездесуде тұңғыш рет әйел жанкүйерлер бой көрсетті.

Бірақ, ойынға келген әйелдер сөзсіз белгіленген есіктен кіруі керек. Әрі оларды ішке тек әйел қызметкерлер тесеріп кіргізеді. Алаңға кірген соң сөзсіз белгіленген «отбасылық секторға» отыруы керек. Әрі олардың ешқайда кетпеуі қадағаланады. Онымен қоса сөзсіз денесі толық жасырылған ұлттық кимдерін киіп келуі шарт.

Кешегі ойында әйел жанкүйерлердің келуі алаңдағы футболшыларды жігірлендірген секілді. Отағасы команда 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Сауд Арабиясында қыздар оқуға немесе саяхатқа шығу үшін сөзсіз үйдегі ер адамнан рұқсат алуы керек. Әкесінен немесе күйеуінен.

Жақын жылдардан бері елде әйелдердің құқықтарын қорғау бағдарламасы жалғасуда. Соның әсерінен өткен жылы қыркүйекте әйелдердің көлік жүргізуіне кұқсат берілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер