Георги Дерменджиев: Команданы ел чемпионатына жақсы дайындауымыз керек

news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттік «Ордабасы» командасының жаңа бас бапкері Георги Дерманджиев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына байланысты сұқбат берді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

- «Ордабасы» былтыр ел чемпионатында үшінші орын иеленіп, Еуропа Лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Демек ол жоғары деңгейлі команда. Осындай клубті басқаратыныма қуаныштымын. Мен білгенде Шымкенттің жанкүйерлері де өте белсенді. Командамның жақсы футбол ойнағанын және бұдан да жақсы нәтижелерге жеткенін қалаймын. Команданың кейбір ойыншылары кетіп қалды. Мен енді қалған ойыншылармен жұмыс жасап, олардың деңгейін тексеріп көремін. Менің өз жоспарыма алған футболшыларым да бар. Жаңа футбол маусымы басталғанша әлі уақыт бар. Соған дейін дұрыс жұмыс жасап команданы чемпионаттың басталуына дайындауымыз керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер