Әлем футболы

Ресми: Арда Туран түркиялық командаға ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Түркия чемпионатының көш басында тұрған «Башакшехир» командасы испаниялық «Барселона» клубынан Арда Туранды жалға алғанын мәлімдеді.

«Атлетикода» атағы аспандап, «Барселонада» бағын жоғалтқан Түрік футболшысы енді өз елінде доп тебетін болады.

Туран кеткен соң одан қалған жетінші номерді Филиппе Коутиньо киеді.

Арда Туранды каталониялық клуб 2015 жылы «Атлетикодан» 41 миллион еуроға сатып алған. Содан бері Арда 55 ойынға қатысып, 15 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер