Футзал

Еуропа чемпионатындағы алғашқы қарсыласымыз анықталды

news-banner7
mobile-news-top

2018 жылғы 30 қаңтардан 10 ақпанға дейін Словенияда футзалдан Еуропа чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігіне 12 команда қатысады. Бұлар үш құрамадан төрт топқа бөлінген. Әр топтан екі команда ширек финалға шығатын болады.

2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Қазақстан құрамасы В тобында орналасқа. Қарсыластары Ресей мен Польша құрамасы.

Біздің бас командамыз топтағы алғашқы кездесуін бірінші ақпан күні Польшамен өткізеді. Ал екінші кездесуі үшінші ақпанға жоспарланған. Егер топтан шығып жатсақ, ширек финалдық ойындар 5-6 ақпан күндері өтеді.

A тобы: Словения (Отағасы ел), Италия, Сербия

B тобы: Ресей, Қазақстан, Польша

C тобы: Португалия, Украина, Румыния

D тобы: Испания, Әзірбайжан, Франция

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер