Бокс

Кларесса Шилдс әлем чемпионы атағын қорғап қалды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін таңертең Нью-Йоркте өткен кездесуде АҚШ елінің боксшы қызы Кларесса Шилдс отандасы Тори Нельсонды жеңіп, екінші орта салмақта WBC және IBF тұжырымдарының әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Әуесқой бокста екі дүркін Олимпиада, екі мәрте әлем чемпионы Кларесса кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы өткізген болатын. Содан бері төрт кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен.

Жекпе-жек жоспарланған он раунт бойы жалғасты. Кездесу соңында төрешілердің шешімімен 22 жастағы Шилдс 41 жастағы қарсыласын жеңді. Төрешілер шешімі: 100: 90, 100: 90, 100: 90. Бұл оның бесінші жеңісі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер