Ауыр атлетика

Медальдан айрылған Илья қандай күйде болды?

Медальдан айрылған Илья қандай күйде болды?
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, белгілі зілтемірші Илья Ильин Астанада арнайы семинар өткізіп, спортта зор жетістіктерге жетуінің сырымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Спортшы семинар барысында ауыр атлетикаға қалай келгенін, сонымен қатар, спортта зор жетістіктерге жетуіне ықпал еткен тәлімгерлері туралы айтып берді.

«Менің өмірімде кішкентай күнімнен мені спортқа баулыған әр тәлімгерімнің, бапкерімнің орны ерекше. Сонымен бірге, өмірдегі тәлімгерімнің қатарына елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты да жатқызатын едім. Ол кісінің, «Илья, тек алға!» деген қанатты сөздері маған қанат бітіріп, биік белесті бағындыруыма үлкен демеу болды десем, артық айтпаспын», - деп жан сырымен бөлісті белгілі спортшы.

Спортшы Олимпиада медальдарынан айырылған күндерді де еске алды. Айтуынша, өмірдің бұл кезеңін артқа тастап, болашаққа нық қадам басуына өз-өзіне деген сенімдігі мен төзімділігі себеп болған екен.

«Мен жаратылысымнан өте төзімді жанмын. Егер құдай басымызға осындай күндерді берсе, демек, мойымай, нағыз ер-азаматша оған төтеп бере білу керек. Қазір, көбі мені сол жағдайдан кейін «қатты өзгерді, бұрынғыдай өз-өзіне сенімді емес» деп айтып жатады. Жоқ, ол мүлде олай емес, мен сол баяғы Ильямын. Тек сабырмен, ақылмен осы күндерімді басымнан өткерудемін. 8 жылдан кейін менен медальдарды тартып алып жатса, 8 жыл өткен соң неге оларды қайтарып алмасқа?», -деп ағынан жарылды Илья Ильин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер