Футбол деген бір ғажап!

Қонысбаев жасыл алаңға оралады

Қонысбаев жасыл алаңға оралады
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайтының тілшісі талантты футболшы Ұлан Қонысбаевпен байланысқа шығып қуанышты хабар алды. Жартылай қорғаушы жақын уақытта жасыл алаңға оралады екен.

28 жастағы хавбек 2016 жылы 7 маусымда Далянь қаласында Қытай құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алды. Енді міне жарақатынан айығып «Ақтөбе» командасымен бірге оқу-жаттығу жиынына аттанғалы отыр. Бұл туралы футболшының өзі қысқаша айтып берді.


- Қазір Мәскеу қаласындамын. Жақында «Ақтөбе» командасының оқу-жаттығу жиындарына қатысамын. Әрі қарай не болатыны белгісіз.


- Сіздің «Астана» командасымен келісімшартыңыз бітіп қалды ма?


- Иә, ел чемпионымен еңбек келісімі биыл аяқталды.


- Жасыл алаңға қайта оралып жатқаныңызға қуаныштымыз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер