Бокс

Эрик Гомес: Негізгі мәселелер бойынша келісімге келдік

Эрик Гомес: Негізгі мәселелер бойынша келісімге келдік
news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің мәлімдеуінше, Сауль «Канело» Альварес пен Генадий Головкиннің екінші жекпе-жегі бойынша келіссөз аяқталуға жақын.

«Бұл тағы бір ұлы айқас болайын деп тұр. ҰСодан кейін үшінші жекпе-жек жасасақ логикаға сай болады. Алайда, біз екінші жекпе-жекті ұйымдастыруға барымызды салуымыз қажет. Кейін үшінші кездесуді талқыға саламыз. Мен «Канелоның» осы жолы жеңіске жеткісі келетінін білемін. Меніңше, өткен жекпе-жекте ол басым болды. Кездесуді қайталаудан қараңыз соңғы үш раундты «Канело» өз қолында ұстады. Бұл жеңіл жекпе-жек емес, бірақ осы жолы «Канело» мол тәжірибе жинады. Біз келісімшартпен алмастық. Жұма күнгі қайта қарау барысында негізгі мәселелер бойынша келісімге келдік деп үміттенемін. Қол қойылған келісімшарт алған соң бірден жұмысқа кірісеміз», - деді промоутер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер