Ұлттық спорт

Көкшетауда жамбы атудың үздігі анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Көкшетауда ұлтық ойын жамбы ату бойынша турнир өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр кентінде Ұлттық спорт түрлері бойынша Балуан Шолақ атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі ұйымдастырған турнир барысында төрешілер жігіттердің жылдамдығы мен мергендігіне баға берді. Жарысқа 30 жуық жігіт қатысып, шеберліктерін ортаға салды.

Оқушылар арасында Дәулетхан Рахман үздік атанса, ересектер арасында Нұрсұлтан Жүсіпәлин жеңімпаз деп танылды. Еске сала кетейік, жамбы ату - қазақтың көне ойындарының бірі саналады. Аттың үстінде шауып келе жатқан адам садағымен нысанаға тігілген жамбыны атып түсірген.

Жамбы ретінде күміс немесе алтыннан жасалған тайтұяқтар немесе теңгелер тігіліп отырған. Жамбыны атып түсірген жігіт сол жамбыны сый ретінде өзіне қалдыратын болған.

Еске сала кетсек, 2013 жылы Астана қаласында «Түрік халықтарының ұлттық ойындары халықаралық қауымдастығы» құрылды. Оған Қазақстан, Тəжікстан, Өзбекстан, Түркия, Əзербайжан, Мажарстан жəне Қырғызстан елдері кірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер