Ой қорыту
Басқа

«Найман»: Өзге елде болғанда Төреш менен таяқ жеуші еді

«Найман»: Өзге елде болғанда Төреш менен таяқ жеуші еді
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жек шебері, танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов Төреғалидің сахнадағы ерсі қылығын айыптап, қатаң сын астына алды. Бұл туралы ол Hit TV арнасына берген сұхбатында айтқан.

Спортшы бұл жағдай Қазақстанда емес шетелде болса, Төреғали Төреәлінің «әкесін танытатынын» айтады.

«Қазақ – біреуді түзейтін, тәртіпке бағынбайтын халық емес, кешірімді, момын халық. Сондықтан, мұндай сәтте адам өзі жеке ойлануы қажет. Өзі де қарапайым халықтан шыққаннан кейін сол халықпен бірге болу керек, осындай жағдай арқылы өзін түзеу керек. Егер шетелде басқа халықтың арасында жүрсем, білектің күшімен шешуге болатын еді. Бірақ Қазақстанда тұрғаннан кейін, өз қазағыма мен күшімді көрсете алмаймын», – деді Хамитов сұхбатында.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Павлодардағы концерті барысында көрерменге дөрекі сөйлеген Төреғалиді көпшілік сынға алған болатын. Тіпті, бірқатар отандық радиолар оның әндерін эфирден де алдырып тастады. Ал, Павлодар облысының әкімдігі бұдан кейін Төреғали Төреәліні концерттерге шақырмайтынын ресми мәлімдеген еді

Түпнұсқасы: sn.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер