Хоккей

Қазақ қызы өнер көрсеткен «Шығыс» хоккейшілері жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық хоккейші Фатима Қытайбекова өнер көрсеткен «Шығыс» командасы «Батысты» жеңді. Бұдан бөлек ӘХЛ жұлдыздары матчына тағы екі отандасымыз қатысты. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Бүгін Астанада «Хоккей жұлдыздары матчы» жарысы басталды. Әйелдер хоккей лигасының ойынында мұз айдынға шыққан «Томирис» клубының хоккейшісі Фатима Қытайбекова өз әсерін бөлісті.

«Эйфориядамын. Өзіміздің алаң мен трибуна жақсы әсер етті. Осыншама жанкүйер келгені үшін қуаныштымын», - дейді ол.

Фатима Қытайбекова хоккей жұлдыздары апталығында ойнайтынын таяуда ғана білген. Бүгінгі матчқа санаулы күн дайындалған.

«Алдыңғы дивизионда ойнайтын қыздардан көп нәрсе үйрендім. Бүгінгі ойында қолымнан не келеді, соны көрсеттім. «Шығыс» командасының қыздары мені қолдап, көмектесті. Олар өте мықты. Бұл жарысқа санаулы күн ғана дайындалдым. «Хоккей жұлдыздары» матчында ойнайтынымды жаңа жылдың алдында ғана естідім. Команда бізді жақсы қабылдады. Бөліп жармады. Достасып кеттік», - деді Фатима Қытайбекова.

Еске сала кетсек, «Барыс» клубының президенті Асқар Шопобаев қазақстандық хоккейші қыздардың әйелдер хоккей лигасында өнер көрсетуі мүмкін екенін айтқан болатын. Осы орайда Фатима Қытайбекова өз ойын айтып өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер