Дженнаро Гаттузо: Қазақстан құрамасынан әйелім үшін бас тарттым

Дженнаро Гаттузо: Қазақстан құрамасынан әйелім үшін бас тарттым
news-banner7
mobile-news-top

«Миланның» бас бапкері Дженнаро Гаттузо ITA Sport Press-ке берген сұқбатында Астанаға сапары туралы айтты.

2016 жылдың басында Гаттузо Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне кандидат болған еді. Гаттузоның айтуынша, ол Қазақстан құрамасын жаттықтыруға жақын болған, алайда әйелі үшін бұл ұсыныстан бас тартқан.

«2016 жылы Қазақстан құрамасымен алдында ала келісім-шартқа отырған болатынмын. Грекиялық ОФИ мен швейцариялық «Сьонда» жұмыс істегенімде белгілі бір жағдайларға байланысты отбасым бақытты болған жоқ. Сондықтан, Астанаға Моникамен бірге бардым. Ол жақта Моника өте салқын ауа-райына тап болды. Сондықтан, бұл жұмыстан бас тартуды жөн көрдім», - деді Гаттузо.

Айта кетейік, 40 жастағы Гаттузо «Милан» сапында ойнап жүрген кезінде әлемге танымал болған еді. Бүгінде миландық клубтың бас бапкері қызметін атқарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер