Хоккей

Астанада ҚХЛ жұлдыздар матчы апталығы басталды

news-banner7
mobile-news-top

Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған, Құрлықтық хоккей лигасының жұлдыздарының қатысуымен өтетін ҚХЛ жұлдыздар матчы, шеберлік-шоу, ЖХЛ мен ӘХЛ Жұлдыздар жарыстары басталды. Бүгін Астанада бастау алатын хоккей апталығының матчтарын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Барша жанкүйер тағатсыздана күткен хоккей жұлдыздарының байрақты бәсекесі ел мерейін үстем ететін айтулы шара. Еуразия мықтылары Астанада бас қосып отыр. Шараға құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін 27 клубтан 48 спортшы қатысады. Көбі әлемге танымал.

Олар 4 командаға бөлініп, өзара мықтыны анықтамақ. Дүбірлі додада елордалық «Барыстан» үш бірдей ойыншы бақ сынайды. Команда капитаны Найджел Доус, қорғаушы Кевин Далман мен құрлықтық хоккей лигасы үздіктерінің бірі – шабуылшы Линден Вей.

14 қаңтарға дейін жалғасатын дода Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Осы шараның аясында әйелдер арасындағы хоккей лигасы жұлдыздарының, жастар арасындағы хоккей лигасының ойыншыларының және Құрлықтық хоккей лигасындағы барлық үздік ойыншылардан жасақталған екі команданың арасында тартысты кездесулер өтеді.

Кездесулер «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде мына уақыттарда көрсетіледі.

10 қаңтар: 18:30 Əйелдер Хоккей Лигасы. Жұлдыздар матчы

11 қаңтар: 18:30 Жастар Хоккей Лигасы. Жұлдыздар матчы

13 қаңтар: 13:00 ҚХЛ жұлдыздары. Мастер-Шоу

14 қаңтар: 13:00 ҚХЛ. Жұлдыздар матчы






Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер