Футзал

UMBRO Futsal Awards 2017: «Қайраттықтар» жыл үздігі атана алмады

 UMBRO Futsal Awards 2017: «Қайраттықтар» жыл үздігі атана алмады
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футзал командасының қақпашысы Игита UMBRO Futsal Awards 2017 марапатының «Жылдың үздік қақпашысы» номинациясында екінші орын алды.

Игита «Жылдың үздік қақпашысы» атағын осыған дейін екі мәрте(2015, 2016 жылдары) жеңіп алған еді. Биыл ипаниялық Пако Седаноға есе жіберіп алды.

Ал «Жылдың үздік ойыншысы» номинациясын испаниялық «Интер» командасының ойыншысы Рикардиньо жеңіп алды. Бұл португалиялықтың қатарынан төрт рет осы атақты иеленуі. Алматылық «Қайрат» клубының ирандық футзалшысы Хоссейн Тайеби бесінші орынды қанағат тұтты.

Ал үздік бапкері атағын «Интердің» бас бапкері Хесус Веласко алып, «Қайраттың» бапкері Какау екінші орында қалып кеткенін жазған едік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер