ҚФФ президенті Сейділда Байшақов қызметінен кетпекші

ҚФФ президенті Сейділда Байшақов қызметінен кетпекші
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астанада Қазақстан Футбол Федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелері бас қосты. осы жиналыста бірқатар маңызды мәселелер шешілді. Басшылық орындарда ауыс-түйістер де жүргізілді.

ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысында Қазақстан футбол федерациясының қазіргі президенті Байшақов Сейілда Икрамұлы өз еркімен қызметінен кету жөніндегі өтінішін тапсырған. Сейділда Икрамұлының өтінішін қанағаттандыру-қанағаттандырмау мәселесі 2018 жылдың 10 ақпанында Астанада өтетін кезектен тыс сайлау конференциясында белгілі болмақ.

Қазақтың даңықты футболшыларының бірі Сейділда Байшақов 2016 жылдың қарашасынан бері осы лауазымды қызметті атқарып келген еді. Енді өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш беріп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер