ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысы өтті

ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысы өтті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астанада Қазақстан Футбол Федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелері бас қосты, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысында келесі шешімдер қабылданды:

- Ұйымның Бірінші Вице-президенті және Бас хатшысы Әубәкіров Қаныш Қайдарұлының өкілеттігі отбасылық жағдайына байланысты жазған мәлімдемесі бойынша тоқтатылды.

- Бірінші Вице-президент және Бас хатшы қызметіне Айтқожин Азамат Серікұлы тағайындалды. Ол вице-президент қызметінен босатылды.

- Вице-президент қызметіне Абраев Олжас Шәкенұлы тағайындалды.

Сонымен қатар, Атқарушы комитетінің отырысында ҚФФ президенті Байшақов Сейділда Икрамұлының өз еркімен қызметінен кету жөніндегі мәлімдемесі қабылданды. Бұл сұрақ 2018 жылдың 10 ақпанында Астанада өтетін кезектен тыс сайлау конференциясында қабылданады.


Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер