Президенттік клуб бас бапкермен келісімін үзді

Президенттік клуб бас бапкермен келісімін үзді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубы команданың бас бапкері Костас Флеваракиспен келісімін үзді, деп хабарлайды prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Грекиялық маман Костас Флеваракис 2017 жылы президенттік клубтың бас бапкерлігіне тағайындалған болатын.

«Клуб Флеваракиске атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және оған болашақта бапкерлік мансабында сәттілік тілейді», — делінген ресми сайттың хаттамасында.

Қазіргі таңда, елордалық клубтың тізгінін уақытша баскетболдан ұлттық құраманың жаттықтырушысы Карпенко Михаил Владимирович ұстап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер