Басқа

«Ақжайық» командасы «Локомотивпен» тең түсті

news-banner7
mobile-news-top

Допты хоккейден бүкілресейлік жоғары лига командалары арасындағы жарыста Оралдың «Ақжайығы» кезекті ойынын Орынбордың «Локомотив» командасына қарсы өткізіп, тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Орал қаласындағы «Стеновик» стадионында өткен кездесудің бірінші таймы 2:1 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді. Ал екінші таймда дәл осындай есеппен ресейліктер жеңіске жетті. Қортынды нәтиже 3:3. «Ақжайық» сапынан голды ресейлік легионерлер Сергей Пантеев, Александр Чкалов және қазақстандық Болат Мұхит соқыт.

Ресейлік маман Владимир Кожевниковтің шәкірттері Екінші топта 9 ойыннан кейін 8 ұпай жинап әзірге соңғы орында келеді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер