Жеңіл атлетика

Усэйн Болт «Дортмунд» командасында доп тебеді

news-banner7
mobile-news-top

Атақты желаяқ Усэйн Болт футболға қатты қызығады. Англиялық «Манчестер Юнайтедтің» адал жанкүйері. Әрі бірқанша рет манчестерлік командада доп тепкісі келетінін ашық мәлімдеген.

Ямайкалық жүйірік былтыр жеңіл атлетикадан мансабын аяқтаған болатын. Бірақ, әлі спорт әлемінен алыстап кетпеген көрінеді. Наурыз айында «Дортмунд» командасында сынақтан өтпекші. Егер бәрі сәтті болса германиялық клуб сапында өнер көрсетіп қалуы да мүмкін.

Бұл жайлы Усэйн өзі мәлімдеп отыр. "Наурыз айында «Дортмунд» командасымен сынақ ойынында алаңға шығамын. Сол ойын менің футболдағы мансабымды белгілейді. Мүмкін доп теуіп де кететін шығармын",- деп сұқбат берген екен желаяқ жігіт.

Бірақ, бұл жарнама болуы да мүмкін. Өйткені Усэйн Болттың да, «Дортмундтың» да демеушісі PUMA компаниясы. Бұрынғы Атлет германиялық клубпен бірге демеушілері үшін жарнама жасап жүруі де ғажап емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер