СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Әлем футболы

Футбол нөмірлері туралы қызықты деректер

Футбол нөмірлері туралы қызықты деректер
news-banner7
mobile-news-top

Филиппе Коутиньоның «Барселонаға» трансфері футбол әлемінде 2018 жылдың ең алғашқы үлкен жаңалығы болды. Бүгін бразилиялық футболшы 14-ші нөмірмен ойнайтыны жарияланған. Футбол тарихында ойыншылардың нөмірлері туралы қызықты деректер көп. Осы орайда сондай қызықтардың топтамасын ұсынамыз.

Ең алғашқы футбол нөмірлері

Алғаш рет футбол әлемінде лондондық «Арсенал» мен «Челси» клубтарының матчында ойыншылар жейделеріне нөмір жазып шыққан. Бұл сонау 1928 жылдың 13 қазаны болатын. Бірнеше жылдан соң басқа да клубтар бұл жаңалықты пайдалана бастады. Ал әлем чемпионаттарында 1950 жылдан бастап нөмір қолданылады.

Нөмірі 1 – шабуылшы

1978 жылы әлем чемпионатының алдында Аргентина құрамасының футболшылары нөмірлерді бөлісе алмай қалған. Сондықтан бас бапкер Менотти ерекше амал ойлап тапты. Нөмірлерді алфовит бойынша таратып берген. Осылайша, шабуылшы Алонсо алаңда 1-ші нөмірмен ойнаса, қақпашы Фильол 5-ші нөмірде болды. Аргентиналықтар бұл дәстүрді 1982 жылғы әлемдік додода да қайталады. Тек Марадонаға ғана еркіндік берілген, өз 10-шы нөмірмен өнер көрсетті.

«Зеро»

Картинки по запросу Хишам Зеруали

1999 жылы шотландиялық «Абердин» сапында марокколық Хишам Зеруали өнер көрсетті, оны жанкүйерлер «Зеро» деп атап кеткен. Сондықтан, футболшы өзіне «нөл» деген нөмірді таңдаған. Бірнеше жылдан соң Зеруали көлік апатынан қайтыс болды, Хишамның құрметіне «нөл» нөмірін енді басқа футболшылар кие алмайды.

1-ші нөмірлі жанкүйерлер

Футболда клуб қақпашыларының бірі міндетті түрде 1-ші нөмір киіп жүреді. Бірақ 1-ші нөмірді таңдауға тыйым салған клуб бар. Мәскеулік «Торпедо» қақпашылары бірінші нөмір бола алмайды. Себебі клуб шешімі бойынша бұл нөмір команда жанкүйерлеріне берілген.

99 – нөмірлердің шегі емес

Картинки по запросу Адольфо Баутиста 100

Әдетте футболшылар 1-ден 99-ға дейінгі нөмірлердің бірінде ойнайды. Бірақ бұл шегарадан шығып кеткендер де бар. Мысалы, мексикалық «Ягуардың» ойыншысы Адольфо Баутиста 100-ші нөмірмен ойнаған. Ал 1996/97 жылғы маусымда мексикалық Хесус Аррелано «Монтеррей» сапында 400-ші нөмірмен өнер көрсетті. Себебі сол жылы клубтың құрылғанына 400 жыл болған, сондықтан команда көшбасшысы осы нөмірде ойнады.

1+8

Картинки по запросу Саморано

1998 жылы «Интерге» ауысқан Роберто Баджо өзінің сүйікті 10-шы нөмірімен ойнауды сұраған. Ал Роналдо командаласына сол нөмірін беріп, өзі 9-шы нөмірлі жейдені талап етеді. Ол кезде 9-шы нөмір чилилік Иван Саморанода болатын. Саморано бразилиялық әріптесіне 9-шы нөмірді беріп, өзіне 18-ді алған. Сөйтіп, 9-шы нөмірмен қоштасқысы келмеген Иван 1 мен 8 сандарының арасына «қосу» белгісін қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер