Бауыржан Байтана «Таразға» оралады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Ақтөбенің» 25 жастағы жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана «Таразға» оралады.
Байтана мансабын 2009 жылы «Таразда» бастаған болатын. Сондай-ақ, ол «Атырау», «Сұңқар», «Тобыл» және «Қайрат» клубтарының намысын қорғап үлгерді.
Өткен маусымда «Ақтөбе» сапында ол 21 матч өткізіп, 2 гол соқты.
Қазақстан Премьер-лигасында ол 151 матчта алаңға шығып, 8 голдың авторы атанды.