Бокс

Леффлер: Басында Альваресті ұстай алмадық, енді GGG-ді күтіп жүрміз

Леффлер: Басында Альваресті ұстай алмадық, енді GGG-ді күтіп жүрміз
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жектің келіссөздері не себепті ұзарып кеткенін түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Мәселе мынада, алғашқы жекпе-жектен кейін «Канело» бірден шетелге кетіп қалды. Әйтпесе, Эрик Гомес екеуіміз екінші жекпе-жектің мәселесін екі аптаның ішінде шешіп алатын едік. Содан «Канелоның» жауабын күтуге тура келді. Енді, Геннадий Қазақстанға кетіп қалды. Сөйтіп, басында Альваресті ұстай алмасақ, енді Геннадийді күтіп жүрміз. Алдағы уақытта Лос-Анжелесте бәріміз бір үстелдің басында жиналып, келіссөздерді жалғастыратын боламыз», - дейді Леффлер.

Промоутердің айтуынша, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кездесуі бойынша келіссөздерге нақты дедлайн қойылған жоқ.

«Біз әлі нақты келісімге келген жоқпыз. Алайда келіссөздер ойдағыдай өтеді деп ойлаймын. Себебі дәл қазір ешқандай қиындық жоқ», - деп атап көрсетті промоутер.

Айта кетейік, бұған дейін «Golden Boy Promotions» компаниясының президенті Эрик Гомес келіссөздердің аяқталуға жақын екенін мәлімдеген болатын. Алайда екі жақ жекпе-жекті өткізетін жерді әлі анықтаған жоқ. Егер екінші жекпе-жек қайтадан Лас-Вегаста өтсе, әділетсіз төрешілікке тағы жол беріледі деген болжам бар. Соған қарамастан, Сауль Альварестің командасы реваншты дәл сол жерде өткізуге мүдделі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер