Қысқы

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Абу-Дабиден төрт медальмен оралды

news-banner7
mobile-news-top

БАӘ, Абу-Дабиде 2018 жылғы FBMA Trophy - мәнерлеп сырғанаудан бірнші әлем чемпионаты аяқталды. Біздің спортшылар жарыстан бір алтын, бір күміс және екі қола медаль әкелді, деп жазады «SPORTINFORM» САА.

Астаналық мәнерлеп сырғанаушы Никита Манько қысқа және еркін бағдарлама нәтижесінде 139,30 ұпаймен жасөспірімдер арасында ең үздік атанды.

Қазақстан Чемпионы Алана Тоқтарова қос бағдарламадан 117,97 ұпай жинап екінші орынға табан тіреді. Айза Мамбекова 121,5 ұпаймен қолаға қол жеткізсе, «Advanced Novice» категориясы бойынша былтыр Нью-Йорктегі жарыста көзге түскен ақтөбелік Дарья Вдовина үшінші орын иеленді.

Біздің спортшыларды алдыда 22 қаңтар күні Қытайдың Тайбэйінде өтетін «Төрт құрлық чемпионаты» күтіп тұр. Одан кейінгі сапар Олимпиадамен жалғаспақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер