Теннис

Австралия ашық чемпионатына Қазақстаннан төрт теннисші қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Қаңтардың 15 күні басталатын теннистен Австралия ашық чемпионатына Қазақстаннан төрт теннисші қатысады.

Жарысты ұйымдастырушылар ресми сайтта спортшылардың тізімін жариялаған. Әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцева мен 60-орындағы Зарина Дияс жарысқа іріктеусіз қатысады. Ал ерлер арасында Михаил Кукушкин жарысты негізгі кезеңнен бастайды. Александр Бублик келесі раундқа өту үшін турнирдің бастапқы сатысында қарсыласын ұту керек.

Америкалық Серена Уильямс денсаулық жағдайына байланысты биыл турнирге қатыспайды. Ал ерлер арасындағы жеңімпаз Роджер Федерер биыл өз атағын қорғамақшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер