«Астана» Станимир Стойловпен ынтымақтастығын жалғастырады

«Астана» Станимир Стойловпен ынтымақтастығын жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы мен Станимир Стойлов жаңа еңбек келісімшарты туралы мәмілеге келді. Алдағы жұма күні команда Стоиловтың басшылығымен БАӘ-не УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 кезеңі аясында өтетін тарихи кездесуге дайындық жұмыстарын жүргізуге аттанады.

«Мен басынан бастап «Астана» командасымен жұмыс жасауды жалғастырғым келетінін жасырған емеспін. Біз соңғы жылдарда өте үлкен нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлер тарапынан қызу қолдауға ие болдық. Шынын айтсам, Астана мен Қазақстан менің екінші Отаным сияқты болып кетті. Біз «Спортингке» қарсы кездесуде лайықты өнер көрсетіп, клубымыздың абыройын асқақтатамыз деген сенімдемін. Команда құрамындағы ойыншылар тезірек спорттық бабына келіп, маусымға дайын болуы үшін бізді алда өте маңызды оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр» - деді Станимир Стоилов клубтың баспасөз қызметіне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер