Қысқы

Рейхерд пен Галышева могулдан әлем кубогының жалпы есебінде үздік үштікке

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық фристайлшылар Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева могулдан әлем кубогының жалпы есебінде үздік үштікке енді.

Әйелдер рейтингісінде Юлия Галышева үшінші орында келеді. Америкалық Джаэлин Кауф екінші сатыда жайғасса, аустралиялық Бриттани Кокс көш басында.

Ерлер жалпы есебінде канадалық Майкл Кингсбери көш бастап тұр. Отандасымыз Дмитрий Рейхерд екінші сатыда, үздік үштікті аустралиялық Мэтт Грэхем түйіндеуде.

Естеріңізге сала кетсек, Калгаридегі могулдан әлем кубогының кезеңінде Галышева бесінші орын алса, Рейхерд күміс медальға қол жеткізген болатын.

4 кезеңнің қорытындысы бойынша могулдан әлем кубогының жалпы есебі :

Ерлер

1. Майкл Кингсбери (Канада) - 80
2. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) - 48
3. Мэтт Грэхем (Аустралия) - 40

... 13. Павел Колмаков (Қазақстан) - 16.80
38. Дмитрий Бармашов (Қазақстан) - 2.20

Әйелдер

1. Бриттани Кокс (Аустралия) - 51.20
2. Джаэлин Кауф (АҚШ) - 45.00
3. Юлия Галышева (Қазақстан) - 45.00

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер