Польшалық БАҚ: Кабананга «Легияны» күшейте алады

news-banner7
mobile-news-top

Польшалық БАҚ «Астана» шабуылшысы Джуниор Кабананга «Легияға» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікірлерін білдірді.

«Клуб басшылығы конголық шабуылшыны сатып алғысы келіп отыр. Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Кабананга «Легияға» гол соққан еді, сол кезде «Астана» 3:1 ұтты. Ол расымен де команданы күшейтіп, маусымға қойылған мақсатқа қол жеткізуіне көмектесе алады. Алайда оған англиялық «Халл Сити», «Лидс Юнайтед» және «Ноттингем Форест» клубтары қызығып отыр. Олар жақсырақ келісімшарт ұсынуы мүмкін», - деп жазды PolskaPilka24.net сайты.

Айта кетейік, бұл клубтардан бөлек Кабанангаға италиялық «Кротоне» мен бельгиялық «Андерлехт» көз тігіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер