Қысқы

Алексей Полторанин «Тур де Ски» турнирінің соңғы кезеңінде төртінші орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өтіп жатқан шаңғыдан «Тур де Ски» турнирінің соңғы кезеңінде қазақстандық шаңғышы Алексей Полтаранин төртінші орын алды. Осылайша жалпы есепте алдыңғы үштікке кіре алмай қалды. Турнирді төртінші орынмен аяқтап отыр.

Соңғы кезеңде қатысушылар тоғыз шақырымға еркін стильде жүгірді. Нәтижесінде, швейцариялық Дарио Колонья бірінші келді. Екінші орынды норвегиялық Мартин Сундбю иеленді. Үшінші орын Канада спортшысы Алекс Харвидің еншісінде кетті.

Естеріңізде болса, Алексей Полтаранин «Тур де Ски» турнирінде ерлер арасындағы масс старт бәсекесіндегі 15 шақырымға классикалық жүгіру жарысында жеңімпаз атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер