Жеңіл атлетика

Өскемендегі жаттығу жиындарына қатысатын 30 атлет анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы 8-21 қаңтар аралығында Өскемен қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысатын спортшылардың есімдерін жариялады.

Оқу-жаттығу жиындарына жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысудан үміткер атлеттерден бөлек, жас спортшылар да шақырылды. Олардың алдындағы мақсат – жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары мен әлем және Азия чемпионаттарында сәтті өнер көрсету. Атап өтсек, Давид Ефремов, Михаил Буда, Станислав Соловьев, Анастасия Ермакова, Яна Тойбаева, Полина Иванова секілді талантты жастар бар.

Жеңіл атлеттер 10-11 қаңтар күндері Қазақстан кубогына, 15-17 қаңтар аралығында Қазақстан чемпионатына және 20 қаңтарда Олимпиада чемпионы Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирге қатысады.

Осы оқу-жаттығу жиындары аяқталған соң 1-3 ақпан аралығында Иран астанасы Тегеранда өтетін жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысатын құрама жасақталады.

Ерлер:

1. Александр Каспер (Астана) – 60 метрге жүгіру

2. Виталий Земс (Қарағанды облысы) – 60 метрге жүгіру

3. Вячеслав Земс (Қарағанды облысы) – 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

4.Владислав Григорьев (Қарағанды облысы) – 60 және 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру

5. Сергей Засимович (Қарағанды облысы) – биіктікке секіру

6. Давид Ефремов (Қарағанды облысы) – 60 метр

7. Андрей Соколов (Алматы) – 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру

8. Рүстем Алмағамбетов (Алматы) – 60, 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру

9. Михаил Литвин (СҚО) – 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру

10. Дмитрий Коблов (ОҚО,) – 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру

11. Никита Филиппов (Алматы) – сырықпен секіру

12. Сергей Григорьев (Алматы) – сырықпен секіру

13. Михаил Буда (Алматы) – сырықпен секіру

14. Станислав Соловьев (Алматы) – сырықпен секіру

15. Иван Иванов (Алматы облысы) – ядро серпу

Әйелдер:

16. Виктория Зябкина (Алматы) – 60, 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру

17. Мерджен Ишангулиева (Алматы ) – 800 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру

18. Әйгерім Шыназбекова (Алматы) - – 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру
19. Марина Зайко (Алматы) – 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру
20. Анастасия Тулапина (Алматы) – 60, 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру
21. Анастасия Ермакова (Алматы) – сырықпен секіру
22. Яна Тойбаева (Алматы) – сырықпен секіру
23. Полина Иванова (Алматы) – сырықпен секіру
24. Ирина Эктова (СҚО) – үш қарғып секіру
25. Светлана Голендова (Жамбыл облысы) – 60, 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру.

26. Элина Михина (ШҚО) – 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру
27. Надежда Дубовицкая (ШҚО) – биіктікке секіру

28. Рима Кашафутдинова (Қарағанды облысы) – 60, 400 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру
29. Мария Овчинникова (Қарағанды облысы) – ұзындыққа және үш қарғып секіру
30. Варвара Лисичкина (Қарағанды облысы) – 800 мен 4х400 метрлік эстафетаға жүгіру.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер