Қысқы

Дмитрий Рейхерд Канада төрінде күміс иеленді

Дмитрий Рейхерд Канада төрінде күміс иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық могулшы Дмитрий Рейхерд Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Өскемендік фристайлшы іріктеу кезеңнен сүрінбей өтіп, супер финалға жолдама алған. Ал ақтық сайыста тек жарыс қожайыны канадалық Майкл Кингсбуриға есе жіберіп, күміс медаль иеленді. Үздік үштікті аустарлиялық Мэт Грахам түйіндеді. Бір қызығы дәл осы үштік Тайву қаласындағы кезеңде де жүлделі орыннан көрінген болатын.

Айта кетейік, Рейхардтан бөлек могул сайысына ерлерден тағы бір жерлесіміз Дмитрий Бармашов қатысып, жарсыты 20-шы орында аяқтады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін жерлесіміз Тайвуде өткен әлем кубогының үшінші кезеңінде күміс медаль иеленген болатын.

Фристайл. FIS Әлем кубогының кезеңі. Канада. Могул. Ерлер.

  1. Михаэль Кингсбери (Канада) 89.55
  2. Дмитрий Рейхард (Қазақстан) 86.43
  3. Мэт Грэхэм (Аустралия) 83.23
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер