Әлем футболы

Коутиньо «Барселона» ойыншысы атанды

Коутиньо «Барселона» ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» клубының бразилиялық футболшысы Фелипе Коутиньо «Барселона» клубына ауысты, деп хабарлайды еуропалық басылымдар.

Бұған дейін Коутиньо «Барселонаға» жақында ауысады деген ақпараттар әлемдік БАҚ арасында кеңінен тараған болатын. Ал бүгін екі жақ өзара келісімге келіп, көптен күткен трансфер жүзеге асты.

Дереккөздің айтуыншы, құжат мәселері аяқталған соң бразилиялық Барселонаға ұшады. Ал дүйсенбі күні Коутиньо медициналық тексерістен өтеді.

Ойыншының жалпы трансфер құны 160 миллион еуроны құрады және бес жылға қарастырылған. Келісімшарт бойынша, алғашында «Барселона» 120 миллион еуро аударады. Ал кейін белгіленген талаптар орындалған соң «Ливерпульдің» есепшотына бонус ретінде тағы 40 миллион түспек.

Естеріңізге салайық, Фелипе Коутиньо мерсисайдтықтар сапына 2013 жылы миландық «Интердан» 8,5 миллион фунтқа келген болатын.

Айта кетейік, 2017/18 жылғы маусымда Коутиньо «Ливерпуль» сапында 20 ойын өткізген. 12 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер