Басқа

Алматыда шахматтан жастар арасында ел біріншілігі өтіп жатыр

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда шахматтан жастар арасында Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz. Оған республикамыздың әр аймағынан 800-ге жуық жас шахматшы қатысуда.

11-рет өткізіліп отырған чемпионатта алғаш рет 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер де қатысып отыр. Қатысушылар 6-18 жас аралығыдағы жас ерекшеліктеріне қарай 7 топқа бөлінген. Олар шахматтың классикалық, рапид және шапшаң түрлері бойынша өзара мықтыны анықтайды. Класикалық шахматтан ел біріншілігін жеңіп алған жасөспірімдер әлем чемпионатына қатысса, күміс жүлдегерлер Азия біріншілігіне жолдама алатын болады. Біріншілік 16 қаңтарға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер