Еркебұлан Сейдахмет «Уфа» командасының оқу-жаттығу жиынына қатысады

Еркебұлан Сейдахмет «Уфа» командасының оқу-жаттығу жиынына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақ футболының еркесі Еркебұлан Сейдахметтің Ресей асатыны жайлы айтылып жүргелі көп болды. Сол көп ақпараттың шынға айналар шағы жақын секілді.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша Сейдахмет алда ресейлік «Уфа» командасымен бірге оқу-жаттығу жиынына аттанбақшы.

Жас шабуылшы 23 ақпан 18 жасқа толады. Содан кейін Тараздың таланты алаңсыз шетел аса беруіне мүмкіндік туады.
«Уфа» командасы Ресей жоғары лигасында бақ сынайды. Құрылғанына 7 жыл ғана болса да тез дамып келе жатқан клубтардың бірі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер