Әлем футболы

Снейдер Катар чемпионатында ойнайтын болды

news-banner7
mobile-news-top

«Ниццаның» тәжірибелі ойыншысы Уэсли Снейдер негізгі құрамға іліге алмай, Азияға аттанды.

Енді голландиялық футболшы катарлық «Аль-Гарафаның» намысын қорғайды. 33 жастағы футболшы бұл клубқа тегін кетеді.

Осы маусымда Снейдер Францияның 1-ші лигасында бес матчқа қатысып, нәтижелігімен көзге түспеген. «Аль-Графа» ішкі біріншілікте 12 командадан 7-ші орында келеді.

Айта кетейік, Катар чемпионатында әлемнің тағы бір жұлдызы Хави өнер көрсетеді. Ол «Аль-Садд» клубының намысын қорғап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер