Бокс

Қанат Ислам Джон Верамен жұдырықтасудан бас тартқан жоқ

Қанат Ислам Джон Верамен жұдырықтасудан бас тартқан жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін отандық БАҚ беттерінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам америкалық Джон Верамен жекпе-жек өткізуден бас тартты деген ақпарат шыққан болатын. «Qazaq-тың» командасы осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Қанат Ислам Верамен жұдырықтасудан бас тартты деген ақпарат шыққанына таң қалдық. Қанат Ислам бұл жекпе-жекке дайындығын бастап кеткелі қашан. Біз тек келіссөз жұмыстары жүріп жатқанын ғана білеміз. Өзіміз көптен күткен Әлем чемпионы атағына жақындататын бұл жекпе-жектен қалай бас тартамыз? Қанат Ислам бұл жекпе-жектен бас тартқан жоқ. Бұл ақпарат қайдан шыққанын анықтаймыз. Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ WBA-дің жаңартылған рейтингінде 1 орынды сақтап қалды», - деп жазылған фейсбуктағы парақшада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер