Бауыржан Тұрысбек «Қайраттан» кеткенін растаған жоқ

Бауыржан Тұрысбек «Қайраттан» кеткенін растаған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» Алматыда оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақырту алған футболшылардың ішінде Бауыржан Тұрысбектің есімі жоқ болып шықты.

Prosports тілшісі футболшының өзіне хабарласып, мәселенін мән-жайын анықтап көрмек болды

- Сіздің есіміңізді «Қайраттың» алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақырту алған футболшылардың тізімінен көрмедік. Командадан кетеді деген сыбыстар шықты. Бұл қаншалықты рас?

- Мұның бәрі жәй ғана сыбыстар. Шындыққа жанаспайды.

- 3,5 жылдық келісімшартыңыз бар…

- Иә, келісімшартым бар. Басқа жаңалықтар болып жатса, алдағы уақытта хабарлайды. Бүгін ғана Алматыға келдім.

- Сізді қостанайлық «Тобылға» ауысады деген ақпарат шықты.

- Жоқ, бұл жалған ақпарат, - деп жауап қатты Бауыржан Тұрысбек.

Айта кетейік, 26 жастағы футболшы «Қайратқа» 2016 жылдың маусым айында келген болатын. Алматылық клубпен 3,5 жылға келісімшартқа отырған еді. Биылғы маусымда 21 ойын өткізіп, бес гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер