Бокс

Қытайда тұратын қазақ боксшы Жайдар Бірлікұлымен сұқбат

Қытайда тұратын қазақ боксшы Жайдар Бірлікұлымен сұқбат
news-banner7
mobile-news-top

30 желтоқсан «Алматы Арена» алаңында өткен бокс кешінде қазақстандық Темірлан Раймқұловтан жеңіліп қалған қытайлық қазақ боксшы Жайдар Бірлікұлынан аз-кем сұқбат алдық. Жайдар бұған дейін үш кездесу өткізіп, барлығында жеңген. Бірақ Алматыда бірінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

- Жайдар, Алматыға жолыңыз түсіп, атақты «Алматы Аренада» кездесу өткіздіңіз...

- Иә, арман қала Алматыға келіп, үлкен бокс кешіне қатысып жатырмын. Жанкүйерлерімен жүздескеніме қуаныштымын.

- Бұл бокс кешіне қатысуға қалай мүмкіндік алдыңыз?

- Кештің ұйымдастырушылары ортақ таныстарымыз арқылы хабарласып ұсыныс жасады. Бұндай жақсы ұсыныстан мен ешқашанда бас тартпақ емеспін.

- Енді кездесу жайлы айтсаңыз.

- Жалпы кездесу жақсы өтті. Қарсыласым Темірлан Райымқұлов та өте тегеурінді боксшы екен. Жеңіске лайық болды. Қарсыласымды жеңісімен құттықтаймын.

- Жарыс болған соң жеңіс-жеңіліс болып тұрады. Жеңілістің себебі неде деп ойлайсыз ?

- Иә, аздап жолым болмады. Оның үстіне 26 желтоқсанда Қытай елінде 79 келі салмақта жұдырықтасып жеңіске жеткен едім. Айналасы төрт күн ішінде бес келіден артық салмақ тастауыма тура келді. Осы жолғы кездесу алдындағы салмақ өлшеуде 72,5 келі салмақ көрсеттім. Қатты қалжыраған болуым керек, жарыс барысында өзімді жақсы сезіне алмадым.

- Жайдар, жалпы қазақстандық жанкүйерлерге әлі таныс болып үлгермедің.

- Толық аты-жөнім Жайдар Бірлікұлы. 1993 жылы 23 маусымда Қытай елінің Құлжа аймағы, Құлжа ауданында дүниеге келгем. Оқытушылар отбасында тәрбиелендім. Бокспен 15 жасымнан бастап айналысқаныммен, нағыз кәсіби спортқа 2015 жылы келдім. Сол жылы WBO-дің Қытай аймағында (WBO China Zone) жекпе-жек өткізіп жеңіске жеттім. Бірақ, белгілі бір себептермен бокстан екі жыл алыстап қалдым. Биыл ғана шаршы алаңға қайта оралып IBF Қытай кәсіпқой бокс лигасы аясында екі рейтингтік кездесу өткізіп үлгердім.

- Өте тамаша! Енді әрі қарай қалай жалғасады?

- 7 қаңтар күні IBF Қытай кәсіпқой бокс лигасының 6 раундтан тұратын аймақтық чемпиондығына таласам.

- Көрермендердің қолдауы қалай болды?

- Кешке көрермен көп келді. Үлкен стадионды толтыра жиналған халық боксшыларға қызу қолдау білдіріп отырды. Халықтың боксқа деген махаббаты анық сезіліп тұрды. Тек қазақстандық боксшыларға ғана емес маған да қолдау көрсетті. Қазақ екенімді біліп атымды атады. Өте разы болдым жанүйерлерге.

- Біздің білуімізше, Қытайда соңғы жылдары кәспқой спортта бағын сынап жүрген қазақ жастары көбейіп келеді.

- Иә, Қытайда республикалық, құрлықтық деңгейде өнер көрсетіп жүрген қазақ боксшылары, MMA шеберлері жетерлік. Ершат Нығматуллаұлы кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша Азия чемпионы. Бейсен Нәсиоллаұлы WBA тұжырымында Қытай чемпионы. Ал енді ережесіз жекпе-жек шеберлері тіптен көп. Мәселен, Айдын Жұмайұлы деген бауырымыз Азияда құрлықтық деңгейде белдесіп жүр. Одан бөлек Ернұр, Ғабит, Сайран деген MMA чемпиондары бар.

- Сұқбат бергеніңізге рақмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер