Әлем футболы

Салах Африканың үздік ойыншысы атанды

Салах Африканың үздік ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Мысыр құрамасы мен Англияның «Ливерпуль» командасының ойыншысы Мұхаммед Салах Африканың 2017-жылғы үздік футболшысы атағын жеңіп алды.

Үздік тану үшін таласқа түскен үштік арасында Салахтан өзге «Ливерпульдағы» командаласы Садио Мане мен «Боруссия» ойыншысы Пьер-Эмерик Обамеянг болатын.

25 жасар Салах Маусым басында «Ливерпуль» командасына римдік «Ромадан» ауысып келген болатын. Жаңа командасы қатарында 29 ойынға қатысып 23 гол соғып, 8 голдық пас берген.

Сондай-ақ, Мұхаммед Мысыр құрамасының жазда Ресей жерінде өтетін Әлем біріншілігіне жолдама алуына сүбелі үлесін қосты. Іріктеуде 10 ойынға қатысып бес голдың авторы атанды.

Мұхаммед Салах намысын қорғайтын Мысыр құрамасы 2017-жылдың үздік командасы атанды.

Африка чемпиондар лигасында топ жарған «Видад» үздік клуб деп танылды.

Африканың үздік жас ойыншысы атағы замбиялық Патсон Даканың қанжығасында кетті.

Мысыр құрамасын Әлем біріншілігіне алып шыққан команда бапкері Эктор Купер «үздік бапкер» номинациясында теңдесіз деп танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер