Стоиловты қалдыру керек пе? Футбол мамандарының пікірі

Стоиловты қалдыру керек пе? Футбол мамандарының пікірі
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» жаңа тарихын жазған Станимир Стоилов командамен қоштасуға жақын. Келісімшарты 2017 жылдың соңында аяқталған болатын. Қазіргі таңда болгариялық маман мен клуб басшылығы арасында келіссөздер жүріп жатыр. Prosports тілшісі футбол мамандарына хабарласып пікірлерін білді.

Футбол мамандарына «Станимир Стоиловты командада алып қалу қажет пе?» және «Болгариялық маман кеткен жағдайда орнына Григорий Бабаянды қою қаншалықты дұрыс?» деген сұрақ қойылды.

«Қайраттың» ардагер қақпашысы Құралбек Ордабаевтың пікірінше Станимир Стоиловты ұстамаған жөн:

- Стоиловты «көтере» бергеннің не қажеті бар? Кеткісі келсе жіберу керек. Ол кетсе орнына басқы бір маман келеді. Неге Стоиловқа сонша көңіл бөлетінін түсінер емеспін. Үш-төрт жыл істеді елімізде. Нәтиже көрсетті. Ендігі қалатын-қалмайтынын өзі шешеді. Менің ойымша, оған қатысты болып жатқан шудың бәрі қолдан жасалып отыр. Бір сөзбен айтқанда – пиар.

Станимир Стоилов кететін болса, «Астананың» басшылығы орнына бапкер тауып қояды. Қаңтар айында барлық командалар жаттығуға кіріседі. Құрамдарын жасақтап жатыр. Қырық күннен кейін «Астана»«Спортингке» қарсы ойнайды. Мүмкін осы кездесуге дейін Стоилов қалуы мүмкін.

Григорий Бабаянның жеке өзі жұмыс істейтін уақыты болды. Неге оған сенім артпасқа? Көрсін. Жас маман. Болашағы бар. Жолы ашылсын. Стоиловтың жанында неше жыл қызмет атқарды. Оның алдында да «Астананы» жаттықтырды. Григорий Бабаян Станимир Стоиловтан кем болмайды, - дейді ардагер қақпашы.

Похожее изображение

Ал Станимир Стоилов және Григорий Бабаянның қол астында жаттықан «Астананың» бұрынғы капитаны Қайрат Нұрдәулетов басқаша пікірде:

- Стоиловты алып қалуға тырысу керек. Бұл менің жеке пікірім. Станимир Стоилов жоғары дәрежелі бапкер. Біздің чемпионатты бес саусағындай біледі, ойыншыларды жақсы таниды. Футболшылар да Стоиловтың олардан не күтетінін, оның мақсатын жақсы біледі. Мүмкін «Астананың» алдына қойған жоспарлары бөлек шығар.

Григорий Бабаян «Астананы» баптайтын уақыты келді. Кезінде «Астананы» жаттықтырды. Ол кісіні жақсы танимын. Бірге жұмыс істегенбіз. Егер Бабаян команданың тізгінін өз қолына алса көп нәрсе өзгере қоймас. Өйткені ол Станимир Стоиловпен бірге қанша уақыт бірге жүрді. Оның қыр-сырын жақсы біледі. Стоилов келмей тұрып «Астананы» жаттықтырды. Команданың 70-80 пайызын Бабаян жасақтады. Егер Стоилов кететін болса, Бабаян оның орнын жоқтатпайды, - дейді Қайрат Нұрдәулетов.

Картинки по запросу кайрат нурдаулетов станимир стойлов

Ардагер футболшы Айдар Күмісбеков қайткенде де «Астана» Станимир Стоиловты алып қалу қажет деп санайды

«Астана» командасына төрт чемпиондық тәж алып берген тәжірибелі бапкер. Стоилов өзінің мықтылығын дәлелдеп қойды. Әлбетте, командада қалатын болса жақсы болар еді. Егер кететін болса жаңа жаттықтырушыға қиын болады. Өйткені Стоилов «Астананы» жоғары дәрежеге жеткізді. Жаңа бапкердіСтоиловпен салыстыратын болады. Оған ауыр жүк артылады. Ол кісіні жақсы танымаймын. Тәжірибесі бар-жоғын да білмеймін. Бабаян өзін бапкер ретінде әлі көрсеткен жоқ. Не дегенмен жас маман ғой, мүмкіндік беру керек шығар», - деді Айдар Күмісбеков.

Футбол мамандарының пікір осындай. Ал сіз қалай ойлайсыз, құрметті жанкүйер?

Картинки по запросу Айдар Күмісбеков

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер