«Бурсаспор» Твумасидің орнына Мусаны қатарына қосады

«Бурсаспор» Твумасидің орнына Мусаны қатарына қосады
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның Bursa Hakimiyet порталының мәліметінше, «Бурсаспор» «Лестердің» шабуылшысы Ахмед Мусамен келісімшартқа отырғалы жатыр.

Қос тарап арасындағы келіссөздер аяқталуға жақын. Бұл келісімге үлкен үлес қосқан «Бурсаспордың» бас бапкері Поль Ле Гуэн болды. Ол өзінің әріптесі «Лестердің» бапкері Клод Пюэльмен жеке сөйлескен.

Осылайша, «Бурсаспор» елордалық «Астананың» ойыншысы Патрик Твумасиді сатып алмауы мүмкін. Түркиялық клуб пен елордалық команда бір келісімге келе алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер