Жеңіл атлетика

Александр Кругликов: Жас төрешілердің көптігі қуантты

news-banner7
mobile-news-top

Желтоқсан айының соңғы аптасында Алматыда төрешілерге арналған оқу курсы өтті.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) талабына сәйкес, алдымен еліміздің әр аймағында іріктеу өтті. Алматыға курсқа 20 төреші таңдалынып алынды. Олар – Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласынан. Қазылардың көбісі – «Жоғары дәрежелі ұлттық төрешілер».

Қазақстандық жеңіл атлетика арбитрларына дәріс оқуға Азияның ең үздік төрешілерінің бірі – Вадим Нигматов келді. Тәжікстандық маман жастығына қарамастан ірі халықаралық додалардағы тәжірибесі мол. Ол Азия ойындары мен Азия чемпионатында, бүкіләлемдік Универсиада, Олимпиада ойындары, «Гауһар лигада» төрелік еткен. 33 жастағы Нигматов 2006 жылы халықаралық дәрежедегі төреші атанды.

Нигматовтан бөлек, тыңдаушыларға IAAF-тың ресми лекторы, Алматыдағы спорт мектебінің аға бапкері Анжелика Чухлиб та дәріс береді.

ҚР жеңіл атлетика федерациясы ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликовтың айтуынша, курстың мақсаты алдағы уақытта елімізде халықаралық додаларда төрешілік ететін жоғары деңгейлі арбитрлардың санын көбейту.

Үш күн ішінде біздің төрешілер біліктіліктерін жетілдіріп қайты. Дәріс беруге келген мамандарымыз барлық жаңа ережелерді таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті. Тәжікстандық арбитр Вадим Нигматовқа алғысым шексіз. Көптеген қызықты мәліметтерімен дәрісті қызықты өткізді.Бір қуантқаны, курсқа жас қазылардың көптеп қатысқаны. Олар кәсіби түрде шындалып, халықаралық ареналарда қызмет етуге құлшыныстары жоғары екендерін байқатты.

Курс аяқталған тоң, төрешілер IAAF-тың сертификатына ие болды.

2018 жылы ғылыми-техникалық орталық бапкерлер және төрешілерге арналған курстарды жалғастырады. Қаңтар айында Өскеменде ұлттық құрама мүшелеріне допингке қарсы семинар өткізеді.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер