Теннис

Энди Маррей Брисбен турниріне қатыспайды

news-banner7
mobile-news-top

Қазір әлемнің үздіктері Австралияда жүр. Жылдың алғашқы «Үлкен шлем» жарысы қарсаңында жасыл құрлықта бірнеше халықаралық турнир өтеді. Соның бірі Брисбенде жалауын көтерді. Бұл сынға Энди Маррей қатыспайды.

Британиялық теннисшінің жамбасындағы жарақаты сыр беріпті. Маррей өткен маусымда Уимблдоннан кейін кортқа шыққан жоқ. Қазір ол әлемдік рейтингте 16-орында тұр. Брисбен турнирінде Эндиді неміс Янник Генфманн алмастырады.

sport.inform.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер