Теннис

Мария Шарапова Зарина Диясты тізе бүктірді

Мария Шарапова Зарина Диясты тізе бүктірді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан халықаралық турниріндегі жорығын аяқтады, деп хабарлайды prosports.kz.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Дияс франциялық Полин Парментьені, жарыс қожайыны Чжан Шуайды жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.

Өкінішке қарай, ширек финалда жерлесіміз допинг дауына байланысты 15 айға үлкен спорттан шеттетілген ресейлік Мария Шарапованың мықтылығын мойындауға мәжбүр болды. Мамандар болжағандай кездесу тағдыры екі сетте шешілді. Бір жарым сағатқа созылған айқас 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Shenzhen Open турнирінің жалпы жүлде қоры 750 мың долларды құрайды. Ал жарыс жеңімпазы 163 мың долларды қалтасына басады. Екінші орын алған тениисші 81 мың АҚШ долларын иеленетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер