Басқа

Герасименко ITTF-тің жаңартылған рейтингінде ТОП-50 спортшылар қатарына енді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) 2018 жылғы қаңтар айының жаңартылған рейтингінде ТОП-50 спортшылар қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ITTF жариялаған жаңа рейтингте, Кирилл Герасименко 32 сатыға жоғарылап, 48-орынға жайғасты. Ал неміс спортшысы Дмитрий Овчаров бір сатыға көтеріліп, рейтингте көш бастаса, Фань Чжэньдун (Қытай), Болль Тимо (Германия), Линь Гаоюань және Сюй Синь (Қытай) ТОП - 5 қатарынан көрінді.

Айта кетейік, Дмитрий Овчаров ITTF рейтингінде соңғы 7 жылда алғашқы рет қытайлық спортшыларды көш басшылық орнынан тайдырып отыр.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер