Болгариялық тағы бір бапкер ҚПЛ клубының тізгінін ұстауы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанға тағы бір болгариялық бапкер келуі мүмкін.

Topsport.bg ақпаратына сүйенсек, болгариялық «Царско Село» клубының бас бапкері Николай Спасов жақын арада қазақстандық «Қызыл-Жар СК» ұжымының тізгінін ұстайды. Оның клубқа тағайындалғаны жақын арада ресми хабарланады деп күтілуде.

Спасов бапкерлік мансабында бірнеше клубты жаттықтырған: «Верин» (Испания), «Имортал» (Португалия), «Брегалница» (Македония), «Черно Море», «Светкавица», «Спартак Варна», «Калиакра», «Царско село» (бәрі де — Болгария).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер